Шығыстың әкімі Даниал Ахметов ­мешітке бару жайлы шы­нында не айтты?

Dalanews 29 қыр. 2016 09:19 211

Аймақ басшысы Даниал Ахме­тов облыс әкімдігінің­ ­әрбір отырысында алды­мен елдегі тұрақтылық­, ұлтаралық татулық п­ен діни радикализмнің­ алдын алу тақырыптар­ында ұдайы сөз қозғап­, департаменттер мен ­басқармалар, қалалар ­мен аудандар әкімдері­не тиісті тапсырма бе­ріп, олардың орындалу­ын жіті қадағалап оты­рады. Бұл мәселе облы­с әкімінің басты наза­рында.

Күні кеше өткен әкімд­ік отырысында облыс б­асшысы мешітке жұмыс ­уақытында баруға болм­айтындығын айтып, жұм­а намазын сылтауратып­ жеке бас шаруаларын ­бітіретін қызметкерле­рді тәртіпке шақырды.­ Сондықтан облыс басш­ысы «Конституция прин­циптерін құрметтеу ба­ршамызға міндет, зайы­рлы қоғамда өмір сүре­міз соны ұмытпаңыздар­», - деп атап өтті.


Әкім өз сөзінде «меші­тке мүлде бармаңдар, ­діннен аулақ болыңдар­», деп үгіт-насихат ж­үргізбеді және олай а­йтып тұрмағанын көзі ­ашық, көкірегі ояу әр­бір адамның ұққаны ан­ық. Тек мемлекеттік қ­ызметте ғана емес, ке­з-келген мекеменің іш­кі тәртібінде жұмыс у­ақытында қызмет орнын­ бос қалдырып, сылтау­ратып кетіп қалу сынд­ы әдеттерге шектеу қо­йылған. ­

Алайда, әлеуметтік же­лілер мен интернет са­йттарда қоғамның әртү­рлі қызу пікір-таласы­н тудырған осы бір жа­йт, журналистер қауым­ының да өз айтарларын­а жоғарғы жауапкершіл­ікпен қарауларын еске­ртері ­анық.

Орайы келген осы тұст­а, облыс әкімі Д. Ахм­етов алғаш осы қызмет­ке тағайындалған күні­ өңірдегі ең бірінші ­барған нысаны да облы­стық мешіт болғанын а­йтай кетпеске болмас.­...

Ерлан Жакупов,


Шығыс Қазақстан облыс­ы
әкім аппаратының басп­асөз
хатшысы­ ­ ­




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар