Құқық қорғау органдары халықтың қорғаушысы және көмекшісі болуы тиіс

Dalanews 17 нау. 2021 05:03 757

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекет басшысының Жолдауында құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

Осыған байланысты, Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістерді түсіндіру мақсатында полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті,– деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға ерекше өкілеттіктер берілген және олардың қылмыс жасауы қоғамдық қауіптің жоғарылауымен сипатталады. Осыған байланысты олардың неғұрлым қатаң жаза алуы заңды, – деп атап өтті Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева.

– Билік өкілдері ретінде әрекет ете отырып, құқық қорғау органдары қызметкерлері азаматтар мен адамдардың қорғаушысы және көмекшісі болуға міндетті. Сондықтан ІІО-ның әрбір қызметкері өзінің жеке қасиеттері мен мінез-құлық мәнерімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуы тиіс. Сіз қоғамдағы қылмыскерлерге қалай қарайтындығын білесіз, ал құқық қорғаушы – жемқорлар екі есе жек көріледі. Сізге үлкен жауапкершілік жүктелген және бұл туралы бір сәтке де ұмытуға болмайды, – деп қорытындылады қоғам қайраткері Сәдібек Түгел.

Өз кезегінде полиция департаментінің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі өзгерту бойынша кешенді шаралар қабылданғанын хабарлады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар