Қырымда ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 09:21

Қырым аумағында жоспарлы ұшуды орындап жүрген Ан-26 әскери-тасымалдау ұшағы апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың алтауы - экипаж мүшелері, қалған 23 адам - ұшақтағы жолаушылар. Әуе кемесімен байланыс 31 наурыз күні кешкі уақытта, шамамен сағат 18:00-де үзілген. Біраз уақыттан кейін құтқару қызметтері ұшақтың құлаған орнын анықтаған.

Мамандар апатқа сыртқы әсер болғанын растайтын ешқандай белгі жоқ екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда негізгі нұсқа ретінде техникалық ақау қарастырылып жатыр.

Оқиғаның нақты себептері арнайы тексерістен кейін белгілі болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove