Қазақстандық жүргізушілерге Қытайда көлік айдауға мүмкіндік берілуі мүмкін

Қазақстандық жүргізушілерге Қытайда көлік айдауға мүмкіндік берілуі мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжат қабылданса, екі елдің азаматтары белгіленген талаптарды сақтап, өз елінде берілген жүргізуші куәлігімен екінші елдің аумағында жеңіл көлік жүргізе алады.

Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін айырбастау кезінде қайта оқып, емтихан тапсырудың қажеті болмайды. Бұл үшін құжат айырбасталатын елдің талаптары сақталуға тиіс.

Жаңа тәртіп азаматтарға қойылатын әкімшілік рәсімдерді азайтып, Қазақстан мен Қытай арасында көлікпен қатынауды жеңілдетуге бағытталған. Қазір құжат "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылған. Талқылау 30 тамызға дейін жалғасады.