Қазақстанда үш айда 200-ден астам адам сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

Қазақстанда үш айда 200-ден астам адам сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді
Фото: magnific.com

Қазақстанда кейінгі үш айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар бойынша 200-ден астам адам күдікке ілінді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биыл ақпан-сәуір айлары аралығында 317 құқықбұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі пара алу, алаяқтық және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілеріне қатысты.

Осы кезеңде 226 адам қылмыстық істер бойынша күдікті деп танылған.

Сондай-ақ 198 іс бойынша тергеу аяқталып, оның 175-і сотқа жолданған. Ал келтірілген жалпы шығын көлемі 4,2 миллиард теңгеге бағаланған.