Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 12 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Экология және табиғи ресурстар минитрлігінің мәліметінше, ең көп өрт Қостанай облысында – 8, Ақмола облысында – 2, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден тіркелген.
Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы анықталған.
Хабарлама түскеннен кейін орман мекемелерінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді.
Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының тікұшақтары, мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.