Қарағанды облысында екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты деп хабарлайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға Қарағанды облысындағы Ботақара елдімекенінде орын алған.
Құтқарушылар о баста үйінді асытнан 6 адамды алып шыққан. Жарылстан 5 адам қатты зардап шеккен, оның үшеуі бала.
Төтенше жағдайлар қызметі екі қабатты тұрғын үйде 46 адам тұрғанын, ал жарылыс кезінде үйде 35 адам болғанын алға тартуда.
Құтқару жұмыстарына 139 маман мен 32 техника жұмылдырылған.
Қазіргі таңда Қарағанды облысы ТЖ департаменті тікелей желісі жұмыс істеп тұр. Телфон номері: 8(7212) 51-72-23.