Франция астанасы Париж қаласында WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыстын «Karate 1 Premier league» сайысы өтіп, отандастарымыз топ жарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шеберлер турнирінде Қазақстан құрама командасы 3 қола жүдеге қол жеткізді.
Оның екеуін Түркістан облысының өрендері еншіледі.
Атап айтсақ, Абылай Толтай +84 келіде қола жүлде еншілесе, 55 келіде сынға түскен Гүлмира Үсенова да үшінші орынға ие болды.