Freedom Inside '26

Өзбекстанмен шекарадағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді

Өзбекстанмен шекарадағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді
ашық дереккөз

Өзбекстанмен шекарадағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты хаттаманы ратификациялады. Құжатқа 2024 жылы 8 тамызда Астанада қол қойылған.

Жаңа өзгерістерге сәйкес "Сырдария - Малик" және "Целинный - Оқ олтин" өткізу бекеттері енді екіжақты емес, халықаралық мәртебе бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, олардың жұмыс уақыты күндізгі режимнен тәулік бойғы тәртіпке ауысады.

Бұл шешім шекарадағы өткізу қабілетін арттыруға, жүк пен жолаушылар өтуін жеделдетуге, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзит-көлік байланысын дамытуға мүмкіндік береді.