Өзбекстанда шенділер өзбек тілі мен әдебиетінен сынақ тапсырады

Dalanews 22 қаз. 2020 05:26 981

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкіметке өзбек әліпбиін латынға толық көшіру бойынша жұмыс тобын құруға үш ай уақыт берді.

Бұл жөнінде өзбек тілін дамытуға арналған жарлығында айтылған.

Шавкат Мирзияев​ жарлығына сәйкес, 2030 жылға қарай елдегі балабақшаның 80 проценті өзбек тілінде жүруі тиіс. Сонымен бірге шетелдіктерге арналған өзбек тілі бағдарламасы да жасалынады.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық деңгейдегі шенеуніктердің өзбек тілі мен әдебиеті білімі тексеріліп, арнайы сертификат берілетін болады.


2019 жылдың мамыр айында Әлішер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік университеті жанынан латын әліпбиін толық жетілдіруге байланысты жұмыс тобы құрылған. Лингвистер әліпбидің жаңа нұсқасында 30 белгі, 29 әріп пен апостроф қалдыруды шешкен.

Gazeta.uz басылымының жазуынша, жаңартылған әліпби 1993 жылғы әліпбиге ұқсайды. 1995 жылы әліпбиге өзгеріс енгізіліп, қосымша белгілер қосылған. Мамандар кезінде мұның қиындық туғызғанын айтқан. Енді әліпбидің барынша жеңілдетілген нұсқасы жасалынып жатыр.

Қазақстанда да 2017 жылдан бері латын әліпбиіне көшу мәселесі сөз болып келеді. Бірақ әлі толық көшпеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар