«Орыс әскері ортағасырдағыдай соғысуда». АҚШ елшісі оккупанттардың жауыздығына таңқалды

Dalanews 04 мау. 2022 01:39 682

АҚШ-тың ЕЫҚҰ-дағы тұрақты өкілі Майкл Карпентер БҰҰ-ның Тұрақты кеңесінің басқосуында Украинада соғысып жатқан орыс әскері ортағасырдағы басқыншылар сияқты соғысып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ресей сарбаздары Украина жерінде ортағасырлардағы басқыншылар сияқты соғысып жатыр. Олар оккупациялаған аймақтардағы әйелдер мен жас балаларға зорлық көрсетіп, бейбіт тұрғындарды күштеп, ішкі Ресейге депортациялауда, – деп ойын ортаға салды.

«Қазіргі таңда Ресейде замнауи қару-жарақ түрлері жетіп артылады. Айталық, оларда жүздеген шақырым жерден нысанаға дәл тиетін қантты зымырандардың түр-түрі бар. Бұдан басқа суда, әуеде, құрлықта тұрып соққы беретін зымырандарға ие. Осыншама қару мен орасан зор басымдыққа ие бола тұра орыс әскері, бейбіт тұрғындарға орта ғасырдағыдай көзқараспен қарағанын ақылға сыйдыра алмадым» деді ЕЫҚҰ-ның өкілі.


Карпентер мырза орыс әскерлері басып алған жерлерін аяусыз тонап, зорлық-зомбылық көрсеткеннен кейін бейбіт тұрғындар тұрғылықты кетуге мәжбүр болғанын айта келе, мұны орта ғасырлық соғыс «тәсілінің» айқын көрінісі деп атап көрсетіпті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар