Олжас Бектенов АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді

Олжас Бектенов АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді
Олжас Бектенов АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді

Олжас Бектенов АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға қатысты. Үкімет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан № 61 сайлау учаскесінде өз даусын берді.

Бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.