Непалдағы алапат су тасқынынан қаза тапқандар саны 538-ге жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұған дейін 469 адам қаза тапқаны хабарланған еді.
Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жүздеген адам әлі де хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
Халықаралық Қызыл Крест комитеті табиғи апаттан жалпы 93 мыңға жуық адам зардап шегуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Непалдағы су тасқынынан кейін Қазақстан азаматтары жоғалып кеткені хабарланды.