Непалда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр

Непалда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
Фото: Niranjan Shrestha/AP Photo/picture alliance

Непалда тағы бір Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сыртқы істер министрлігі өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен. Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастырып жатыр, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Непалда су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткені хабарланды.