Непалда Қазақстан азаматы жоғалып кеткен

Непалда Қазақстан азаматы жоғалып кеткен
ашық дереккөз

Непалда су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сыртқы істер министрлігі өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Алдын ала мәліметке сәйкес Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Азамат қайда екені әзірге белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендер іздестіріліп, қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қытаймен шекаралас Непалдың таулы Расува ауданында болған су тасқыны салдарынан кемінде 157 адам қаза тапқаны хабарланды.