Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ғимараттарға дрон шабуылы салдарынан кемінде төрт адам қаза тапқан. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады. Ал Украина әскері мұнай нысандары мен қару шығаратын зауытқа соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, қаза тапқандардың үшеуі Мәскеу облысында. БАҚ мәліметінше, бұл - кейінгі бір жылдан аса уақыттағы Украина тарапынан Мәскеуге жасалған ең ауқымды дрон шабуылы.
Шабуыл кезінде Мәскеу облысында Үндістан азаматы көз жұмып, тағы үш адам жараланған. Бұл туралы Үндістанның Ресейдегі елшілігі хабарлады. Дипломаттар оқиға орнына барып, ауруханада зардап шеккендермен кездескен.
Белгород облысында да бір адам қаза тапқан. Ресей Қорғаныс министрлігі кейінгі 24 сағат ішінде ел аумағында 1000-нан аса украиналық дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Мәскеу облысына жасалған жаппай дрон шабуылын "теракт" деп атады. Украина президенті Владимир Зеленский бұл соққылар Ресейдің шабуылдарына жауап ретінде жасалғанын айтты.