Алматыда полиция қызметкерінің қаза болуына қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, ер адамды жұбайы өртеп жіберді деген күдік бар, деп хабарлайды dalanews.kz.
Осыған дейін оқиғаға қатысты негізінен марқұмның жақындары мен тергеу тарапынан мәліметтер айтылған еді. Енді күдікті әйелдің туыстары да көпшілік алдына шығып, өз ұстанымдарын жеткізді.
Олар бұған дейін жария болмаған жайттарды баяндап, оқиғаның екінші тараптың көзқарасы бойынша қалай өрбігенін айтып берді.