Көпшілікке танымал фильмінің жұлдызы 78 жасында қайтыс болды

Көпшілікке танымал фильмінің жұлдызы 78 жасында қайтыс болды
ашық дереккөзден

Жаңа зеландиялық актер, "Юра дәуірінің саябағы" фильміндегі доктор Алан Грант рөлі арқылы әлемге танылған Сэм Нилл 78 жасында өмірден өтті. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Сэм Ниллдің отбасы оның дүйсенбі, 13 шілде күні Австралияның Сидней қаласында қайтыс болғанын зор күйзеліспен хабарлайды. Сэм соңғы сәтінде отбасының ортасында болды және бүкіл өмірін қалай абыроймен өткізсе, бұл дүниеден де солай өтті", – делінген отбасы таратқан мәлімдемеде.

Туыстары актердің қазасы күтпеген жағдай болғанын атап өтті. Сонымен қатар қайтыс болған кезде Ниллдің онкологиялық ауруы ремиссия кезеңінде болғанын мәлімдеді. Отбасы Сиднейдегі St Vincent’s жекеменшік ауруханасының дәрігерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

2023 жылғы наурызда Сэм Нилл өзіне сирек кездесетін қан қатерлі ісігінің түрі – үшінші сатыдағы ангиоиммунобластық Т-жасушалы лимфома диагнозы қойылғаннан кейін химиотерапия курсынан өтіп жатқанын айтқан еді. Сол кезде актер аурудың ремиссия кезеңіне өткенін, алайда қолдау терапиясын жалғастыру қажет екенін хабарлаған.

Сэм Нилл 1947 жылғы 14 қыркүйекте Солтүстік Ирландияда дүниеге келген. Бала кезінде отбасымен бірге Жаңа Зеландияға қоныс аударып, сол елде актерлік мансабын бастады.

Оған әлемдік танымалдықты Стивен Спилбергтің 1993 жылы жарық көрген "Юра дәуірінің саябағы" фильміндегі палеонтолог Алан Гранттың рөлі әкелді. Кейін ол бұл кейіпкерді "Юра дәуірінің саябағы 3" және "Юра әлемі: Билік" фильмдерінде қайта сомдады.