Ғарышқа ұшатын тұңғыш қазақстандық әйелдер экипажы дайындықты бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Экипаж құрамында Юлия Бакирова, Әсем Қуандық, Дарья Комарова және Линара Жәдігерова бар. Олар – Аэроғарыш комитетіне қарасты ұйымдардың қызметкерлері.
Ғарышкерлер 10 күн бойы ғарыш кемесінің көшірмесіне ұқсас арнайы жерүсті модуль имитаторында сынақтан өтеді. Бұл жобаны ғарышкер Айдын Аймбетовтің бастамасымен Eurasian Ventures Group әзірлеген.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында SANA-1 бірегей зерттеу жобасы іске қосылды. Бұл модуль ғарышқа ұшқандай әсер қалдырады.