Forte Bank жылды жетістікпен аяқтады

Сағыныш Сардарова 25 сәу. 2024 10:27 381

"Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге).

Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге).

Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард теңге кіріс алған. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард теңге тапқан.

Forte активтерінің көлемі 3,5 триллион теңгеден асып отыр. Жыл басынан бері ол активтерінің өсу қарқыны бойынша үздік үштікте.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар