Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропа одғының төрағасы Дональд Тускпен кездесті.
Екі жақ Қазақстан мен ЕО-ның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестігін талқылады. Сонымен бірге Назарбаев Еуропалық комиссияның басшысы Жан-Клод Юнкермен кедесті.
- Мен Қазақстандағы адам құқықтары мәселелерін көтердім. Мен адам құқықтарына қатысты Қазақстанда қабылданған ережелердің қатал қолданылатыны туралы мәселені айттым. Мен бұл түйткілдерді басқаларға қарағанда жетік білмесем де, президент Назарбаевты 30 жылдан бері білемін. Оның мұндай мәселеге өте нәзік қарайтынын, әсіресе Қазақстан билігі мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынаста абайлайтынын білемін, - деді Жан-Клод Юнкер Брюссельдегі бірлескен баспасөз жинынында.