Елбасы Жарлыққа қол қойып, дамыған мемлекеттердің көшін жалғады

Dalanews 29 қаз. 2017 09:03 783

ОҚО білім басқармасына қарасты №5 колледж ұжымының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазанда №569 қаулысымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты кездесу өтті.



Басқосу барысында сөз алған колледж директоры Гүлмира Тағаева латын графикасы жайында өз ойын жеткізді. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы өз уақытында қабылданған тарихи шешім деп түсінеміз. Менің ойымша, оңтүстік жұртшылығы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген жаңа әліпбиді бір ауыздан қолдайды. Әсіресе, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету туралы ел Үкіметіне берген тапсырмасында нақты мерзімді белгілеуін нақтылықтың көрінісі деп қабылдайды», –- деді.

Шарада колледж студенттері латын әліпбиіне қатысты өз  ойларын ортаға салды.

Мәселен, Бақытжан Сағындықов:  «Белсенді жастардың бірі ретінде, мен латын әліпбиін күнделікті ұялы байланыс арқылы немесе әлеуметтік желіде хат алмасу барысында жиі пайдаланамын. Енді латын графикасына көшуге себеп бар. Өйткені латын қаріпін әлемнің алпауыт елдерінің қолданысында бар тәжірибе. Біздің Елбасымыз Жарлыққа қол қою арқылы дамыған мемлекеттердің көшін жалғады».

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті екенін айтты.

 

https://dalanews.kz/31450

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар