Командалық-штабтық оқу-жаттығуының ерекшілігі – дағдарыс жағдайында мемлекетіміздің әуе кеңістігін қорғау бойынша міндеттерді жүзеге асыру барысында басқару органдарының тиісті іс-қимылдарды меңгеруі. Ондағы мақсат – жауынгерлік әзірлік, жауынгерлік кезекшілік, дабыл бойынша іс-әрекеттер, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі бойынша мәселелерді тексеру.
Оқу-жаттығу жетекшісінің шартты өкіміне сәйкес, қосалқы командалық пункттері жазылып, жауынгерлік кезекшілік міндеттерін атқаруға кірісті.
Аталған командалық-штабтық оқу-жаттығуы Отанымыздың аспан қорғаушыларының теориялық білімін арттырып, оны іс жүзінде іске асыруына және бекітуіне зор көмегі тиеді деп ойлаймын.
Азамат Жағалбаев, 25750 әскери бөлімінің офицері (баспасөз-хатшысы), майор.