Дамаскіде Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыстар болды

Дамаскіде Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыстар болды
Фото: Sean Gallup / Getty Images

Сирия астанасы Дамаскіде Франция президенті Эммануэль Макрон тоқтаған қонақүйдің маңында жарылыстар болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Shams TV телеарнасының мәліметінше, сейсенбі күні қалада екі жарылыс болған. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғадан кейін әзірге ешкім күдікті ретінде аталған жоқ.

Жарылыстар Эммануэль Макрон бастаған француз делегациясы Сирия президенті Ахмед аш-Шараамен кездесу үшін қонақүйден шыққаннан шамамен 15 минут өткен соң болған.

Әзірге жарылыстардың салдары, зардап шеккендер туралы мәлімет және оқиғаның нақты себептері жарияланған жоқ. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.