Олар – Қызылқұм ауыл округі Ақтөбе ауылындағы 300 орындық мектеп, жалпы құны 819 млн 539 мың теңге), екіншісі Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ ауылындағы жалпы құны 1 млрд 078 млн. теңгелік 600 орындық Тұрар Рысқұлов атындағы мектебі. Үшіншісі Жылысу ауылдық округі Әл-Фараби ауылындағы жалпы құны 612 млн 725 мың теңгені құрайтын 200 орындық мектеп.
Сондай-ақ, биыл Жетісай қаласы Дайрашев көшесінде 1200 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанның конкурстық құны 1 млрд 836 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Атамекен ауылдық округі Жеңістің 40 жылдығы ауылында жалпы құны 961 млн теңгені құрайтын 300 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.
Ал Абай ауыл округі Отан ауылында жалпы құны 978 млн теңгені құрайтын 300 орындық Титов атындағы мектептің құрылысы жалғасуда.
Ынтымақ ауылдық округі Нұр ауылында жалпы құны 1 млрд 7 млн теңгелік 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Жылысу ауылдық округі Баққоныс ауылында 300 орындық Жангелдин атындағы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мектеп құрылысына 1 млр 101 млн теңге бағытталып отыр.
Ж. Ералиев ауыл округі Арай ауылындағы жалпы құны 1 млрд 31 млн теңгелік «Дәуір» мектебінің құрылысы жалғасуда.
10-шы нысан – Ш. Ділдабеков ауыл округі Жаңадала ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы бастау алды. Бұл нысанның құны – 1 млр 2 млн теңге.