«ӘDILET» партиясының Жетісу облыстық сайлауалды штабының ашылуына орай Балқаш пен Алакөл жағалауында «Әділет желкені» атты қайықтар шеруі ұйымдастырылды. Айдын көлде өткен ерекше форматтағы акция көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Балқаштағы шара партияның Ақсу және Сарқан аудандық штабтарының ашылуымен тұспа-тұс келді. Аудандық штаб мүшелері сайлауалды науқанның басталуымен құттықтап, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Көл жағалауында өткен қайықтар шеруіне демалушылар мен жергілікті тұрғындар куә болды. Жиналғандар әдемі көріністі қызыға тамашалап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
– Мұндай ic-шараны алғаш рет көріп тұрмын. Осындай адамдардың көңіл-күйін көтеретін акциялар жиі ұйымдастырылса дейміз. Демалысымызға ерекше әсер сыйлады», – дейді демалушы Айдос Қалиұлы.

– Алакөлге жыл сайын келеміз. Биылғы демалысымыз осындай ерекше көрініспен есте қалатын болды. Қайықтар шеруін балалармен бірге тамашаладық. Ұйымдастырушыларға рақмет, – деді Алакөлге демалуға келген Жанар Әбілова.
Айта кетейік, «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық өңірінде сайлауалды штабтарын ашып жатыр. Сондай-ақ республикалық штаб өкілдері облыстарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Өңірлік кездесулер барысында тұрғындармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, азаматтардың ұсыныс-өтініштері республикалық сайлауалды штабтың жұмысына енгізілуде. «Әділет»» партиясының сайлауалды бағдарламасы әділетті қоғам қалыптастыру, өңірлерді дамыту, цифрландыру, кәсіпкерлікті қолдау және халықтыңөмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.