Бала кезімнен қиыналған жандарға көмек беруге асығатынмын – Нұрбек Тауашев

Dalanews 14 қар. 2023 07:33 2403

Төтенше жағдай саласында жемісті еңбек етіп, халықтың қиындықтан құтқарып жүрген азаматтарыдың бірі Тауашев Нұрбек Мұхитұлы. Ол Ресей федерациясының Орынбор облысы, Бузулук ауданы Верхневяювка ауылында дүниеге келген. Ол 1992 жылы Қазақстанға ата-анасымен оралған. 1995-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Қурайлысай ауылы Талап орта мектебінде білім алған. Ол Dalanews.kz ақпарат агенттігінің тілшілеріне өзінің жұмысы жайында баяндап берді. Енді соған назар аударсаңыздар.

  Төтенше жағдай қызметіне қалай келген едіңіз?

– Төтенше жағдайлар қызметіне 2009 жылы әскер қатарынан оралған соң құжат тапсырып тәжірибеден өтіп 2010 жылы ақпан айында бұйрық негізінде Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар қызметіне орналастым. Төтенше жағдай саласында қызмет ету – бала кезгі арманым десем де болады. Кішкентайымнан айналадағы қиындыққа душар болған жандарға көмекке келуге асығатынмын. Осы қызметте қиын жағдайға тап болған жандарға бар күшімді аямай көмек беруге тырысамын.

Көмек сұрап, хабар түскен сәтте ең алдымен нені ойлайсыз?

– Төтенше жағдай бойынша хабар түскенде ең алдымен адам шығыны болмасын, адамдар аман болсын деген ой келеді.

Қызметіңізде болған ең ауқымды апат жайлы әңгімелеп берсеңіз?

– Осы қызметімде қатысқан ең ірі, масштабты, есте қалған оқиға  2011 жылы болды. Сол жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша болған табиғи апат – су тасқыны болған еді. Ең ауқымды көлемдегі құтқару жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Көптеген адамның баспанасын су басып, эвакуациялау жұмыстары тоқтаусыз күндіз-түні жүргізілген еді.

Адам төтенше жағдай кезінде қалай әрекет еткені дұрыс?

– Өрт кезінде ең алдымен сабыр сақтап,  үрейге бой алдырмай, 112ге хабарласу қажет. Тыныс алу жолдарын ылғалды матамен жабу қажет. Тез тұтанғыш сұйықтықтарға жоламаған жөн. Көрші тұрғындарға ескертіп, құтқарушылар келгенше қауіпсіз жерге барып паналаған жөн.

Кез келген төтенше жағдайдың қаупі төнген жағдайда ең бірінші үрейге бой алдырмау қажет. Мүмкіндігінше қауіпті жерден алшақ болып ТЖ қызметкерлерін күткен абзал. Сонымен қатар, ең дұрысы – төтенше жағдайларды болдырмаудың алдын алып, төтенше жағдайлар ережелерін сақтау қажет.

Әңгімелесткен Қуаныш ЕРМЕКОВА

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар