Астана әуежайының жұмысының қорытындысы бойынша 2016 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,5 млн. адамды құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 5% артық.
2016 жылдың 6 айында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 1 млн. астам адамды құрады (2015 жылға қарағанда 11%-ға өскен). Аса талап етілетін бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады.
2016 жылдың І жартыжылдығында халықаралық бағыттарда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 493 мыңға жуық адамды құрады, 2015 жылғы 6 айдың көрсеткішімен салыстырғанда 6%-ға аз. Танымал бағыттар Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу болып шықты. Рейстердің азаюы ішкі туризмнің дамуына, халықаралық бағыттарға билеттер бағасының қымбаттауына байланысты.
2016 жылдың 6 айында қызмет көрсетілген рейстердің саны – 11 955 рейс, 2015 жылғы сол кезеңмен салыстырғанда 4% – ға артық (11 460 рейс).
2016 жылғы қаңтар-маусым бойынша өңделген жүктер мен пошта саны 4 012 тоннаны құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 %-ға жоғары.
Өндірістік қызмет көрсеткіші артуының негізгі факторы қолданыстағы рейстердің жиілігін көбейтуден және жаңа бағыттар ашудан болып отыр.
Жылдың басынан-ақ елордалық әуежайда жаңа бағыттар ашылды. Ағымдағы жылғы мамырда Air France KLM авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілігімен Астанадан Амстердам қаласына жаңа бағыт ашты.
Чартерлік туристік бағдарлама да саяхаттау жанкүйерлерін қуантты. маусымның бірінен бастап BH Air Бургас қ. жыл сайынғы чартерлік бағдарламасын қайта бастады. Алғашқы рет Астана әуежайынан Skybus авиакомпаниясы Сочи, Батуми қ. жаңа бағыттар ашты. Бұдан басқа аталған компания Батуми, Грозный қалаларына чартерлік тасымалдарды орындайды. Жазғы кезеңге Ellin Air авиакомпаниясы әуесқой саяхатшыларға Салоники қаласына чартерлік туристік бағдарламасын қайта бастады. Сонымен қатар, тұрақты серіктестеріміз Эйр Астана, Түрік авиажолдары, Атлас Глобал жазғы маусымға Анталья қаласына чартерлік рейстерді қайта бастады.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Астана әуежайындағы жүруді жолаушылар үшін жайлы және жағымды жасайтын қолданыстағы жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру құқығына жалға алушыларды іріктеу бойынша конкурс өткізілді. Коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерін іріктеу қоғамдық тамақтануда жолаушыларға ұсынылатын ұсыныстарды тұжырымдамалық кеңейтуге және қызмет көрсету деңгейін сәйкесінше ұлғайтуға бағытталған.
Астана әуежайы Экспо-2017 көрмесінің қонақтарын қарсы алуға белсеңді дайындалып жатыр. Осыған байланысты жолаушылар терминалының реконструкциясы жобасы кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі уақытта терминал ғимаратының монолитті темір бетон қаңқасын көтеру бойынша жұмыстар аяқталды, шатырдың, техникалық қабаттың, келбетінің металл құрылмасының монтажы жүріп жатыр, еденді, аралықтарды, ішкі инженерлік коммуникацияларын жасау құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, әрлеу жұмыстары басталды.
Жаңа жолаушылар терминалын енгізумен бірге бірнеше қызметтер автоматизацияланады. Мысал ретінде, жаңа терминалда багажды автоматтандырылған өндеу жүйесі енгізіледі, ол багажды өндеу процесін тездетіп жеңілдетеді және багажды жеткізуді күту уақытын азайтады.
Тексеру рәсімін жеңілдететін, тексеру уақытын азайтатын, санаулы секундтарда тасымалдауға тыйым салынған заттарды таба алатын ең жаңа тексеру жабдығы орнатылады.
Жаңа жолаушылар терминалында жолаушылар үшін авиакомпаниялардың өзіндік тіркеу орындары қарастырылған. Бұдан басқа күту залында туристік орындарын орналастыру жоспарланған.
Жаңа терминалда ұсынылатын өнімнің түр-түрін ұлғайтуға жол беретін бажсыз сауда дүкендеріне арналған кең алаңдар қарастырылатын болады.