АҚШ Қытай ықпалына қарсы тұратын коалиция құруды бастады

Dalanews 22 шіл. 2020 17:29 965

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Еуропаға барған сапарында Вашингтон Қытай ықпалына қарсы тұратын халықаралық коалиция құрғысы келеді деп мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы Бейжіңді пандемияны жеке мүддесіне пайдаланды деп айыптады.

Помпео 21 шілдеде Лондонда Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон және Сыртқы істер министрі Доминик Раабпен келіссөз жүргізгеннен кейін осындай мәлімдеме жасаған. Вашингтон Бейжіңді коронавирус індеті туралы шындықты жасырды, адам құқығын бұзды және киберқарақшылықпен айналысты деп айыптап отырған кезде осындай ақпарат шығып отыр.


Помпео мемлекеттерді «еркіндік пен демократияның қадірін түсініп, бағалауға» және Қытай тарапынан төнген қауіпті мойындауға шақырды. АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Британ премьерімен келіссөздердің «конструктивті» өткенін жеткізді.

Тараптар өзге мәселелермен қатар Гонконгтегі жағдай, Қытай батысындағы Шыңжаңда адам құқығының бұзылуы, мобильді байланыс бойынша қытай технологиясының әлемге таралу мәселесін талқылаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар