Антикор Алматы полицейлеріне қатысты соталды тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың видеосы жарияланған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру дерегі жазылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жазбаға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу дерегі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді тіркеді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.