Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы толық жабылады

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы толық жабылады
Алматы әкімдігі

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезінде толық жабылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады. 

Жоба аясында аумақты кешенді көркейту, инженерлік және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, көгалдандыру, сондай-ақ, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.

Саябақ жабық болған кезде қала тұрғындары мен қонақтары жақын маңда орналасқан Flow Park аумағын пайдалана алады. Flow Park келушілер үшін ашық. Оған іргелес аумақтарды байланыстыратын жүргінші көпірі арқылы өтуге болады.

Тұңғыш Президент саябағы қайта ашылатын күн қосымша хабарланады.