Алматыда компания басшысының қызметкерлеріне қол көтерген сәті видеоға түсіп қалды

Қаракөз Амантай 12 қар. 2025 09:28

Әлеуметтік желіде "GT Oil Service" ЖШС директоры Жанат Сабдалиновқа ұқсайтын адамның өз қызметкерлеріне қол көтерген видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Egovpress telegram-арнасы жариялаған кадрларда ер адам ашулы күйде жұмысшыларға дауыс көтеріп, бейәдеп сөз айтқан. Сондай-ақ бірнеше қызметкерін ұрып-соққаны анық байқалады. Ал жұмысшылар ешқандай қарсылық танытпаған.  

Желі қолданушылары мұндай әрекетті сынға алып, құқық қорғау органдарын тексеріс жүргізуге шақырды. Әсіресе, Алматы қаласы Полиция департаментінің басшылығына бейнематериалда көрсетілген фактілерді мұқият зерттеу ұсынылды.

Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар