Алматыда жол бойына үлкен ағаш құлап, қозғалыс қиындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Желтоқсан көшесінде үлкен ағаш құлап, жол қозғалысы тежелген. Соның салдарынан жолдың бір бөлігі уақытша жабылып, жүргізушілер айналма жолдарды пайдалануға мәжбүр.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына коммуналдық қызметтер жіберіліп, олар жолды тазалап, салдарын жоюмен айналысып жатыр.
Мамандар жүргізушілерге сақ болып, бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
