Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин денешынықтыру-сауықтыру кешенінде шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған әмбебап спорт залы, 6 жолдық бассейн, балалар бассейні, жүзушілерге арналған құрғақ және күш сынайтын залдардың болатынын баяндады.
Бұдан басқа Жүзу, еркін күрес, дзюдо, ауыр атлетика, шахмат секцияларын ашу жоспарда бар екен. ДСК пайдалануға берілгенде бір ауысымда 149 бала қатысып, спорттық машығын шыңдай алады.
Әзірше нысанның техникалық паспорттың болмауына байланысты кешенді іске қосу мүмкін болмай тұр. Мұны назарға алған қала әкімі Ерболат Досаев техникалық құжаттаманың жағдайын 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін реттеуді тапсырды. Өйткені дене шынықтырыу кешенінің ашылуын шағынауданның 14 мыңнан астам тұрғыны тағатсыздана күтіп отыр.
– Алатау шағынауданындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені шалғайда жатыр. Егер нысан пайдалануға берілсе, тұрғындары спорттық инфрақұрылым қажеттілігін өтей алады, – деп атап өтті Алматы қаласы әкімі.
Өз кезегінде қала басшысы кешеннің барлық алаңында инклюзивті орта құру қажеттігін де атап өтті.
Ерболат Досаев спорт басқармасына жүзу секциясының кестесінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың сабағы үшін жеткілікті сағат санын қарастыруды тапсырды.
Ал Түрксіб ауданындағы екінші нысан бір ауысымда 200 баланы қамтуға есептелген. Мұндағы жұмыстар 2022 жылдан бастап жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен «КапРемПроект» мердігерлік ұйымы айналысқан. Құрылыстың басталуы 2024 жылдың маусымына жоспарланған.
Жоба спорт басқармасымен бірлесіп, жұмыс жасайтын жаттықтырушылардың, Халықаралық жүзу Федерациясының ережелерін және ҚР Ұлттық атқыштар қауымдастығының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.
Спортшылар үшін 40 орындық 3 киім ауыстыратын бөлме қарастырылған. Әрқайсысында жуынатын бөлме болады. ДСК-де 50 метрлік бассейннен басқа, медициналық пункт, түгендеу және жаттықтырушы бөлмесі, сондай-ақ жылыту мен дайындық залы бар.
– Кешенде гимнастика мен күш жекпе-жегіне арналған бадминтон, теннис, гандбол сияқты командалық спорт түрлеріне арналған әмбебап зал қарастырылған. Екінші қабатта атыс алаңы болады. Жобаның негізгі мақсаты – аумақты барынша тиімді пайдалану. Ғимараттың өзінде 4 кіреберіс бар, оның бастысы футбол алаңына қарайды. Егер дизайн туралы айтсақ, онда барлығы хайтек элементтерімен минимализм стилінде жасалған, – деп атап өтті «КапРемПроект» сәулетшісі Мұрат Сағындықов.
Ерболат Досаев «Авиатор» стадионындағы алаңды ретке келтіруді, сондай-ақ ДСК ғимаратының сапалы қасбеттік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қала басшысы жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі бассейн еліміздің Су спорт түрлері федерациясының талаптарына сәйкес салынуы керек екенін ескертті. Өйткені ұйымнан рұқсат беру құжаты кез келген деңгейдегі, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жүзу бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
– Бүгінде қалада мұндай орындар жетіспейді. Бұған спорт басқармасы қатысуы тиіс, – деп атап өтті Алматы әкімі. Ол осы спорт нысандарына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басымдықта болуы тиіс екенін атап өтті.