Freedom Inside '26

Албания ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға қайтарды

Албания ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктіні Қазақстанға қайтарды
видео кадры

ҰБТ-ға дайындаймын деп бірнеше адамды алдаған күдікті Албаниядан экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазақстан азаматы бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен Албаниядан елге экстрадицияланған. Операция Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Албаниядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары интернет арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтынын және жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіретінін айтып, жалған ақпарат таратқан.

Соның салдарынан 32 азамат 28 миллион теңгеден аса қаражатынан айырылған.

Қылмыстан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2025 жылы мамырда Албанияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге жеткізілді. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.