10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұшақтан түскен бойында ұсталды

Көркем Алдабергенова 21 сәу. 2025 13:42 177

ШҚО полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді әуежайда ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады.

Ол жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтын алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті біреудің қаражатын сеніміне кіре отырып оған қиянат жасаумен иемденгені үшін іздестірілген. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып, тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде, ұшақтан түскен бойда ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар