Back

Герольд Бельгер, өмірінің соңында күнделік жазумен айналысты. Күнделігін қазақтың өміріне, дүние танымына, әлеуметтік және рухани танымына арнады. Түркістан басылымы Гер-ағаның әркезеңдегі тілші қауымға берген сұхбатының арасынан іріктеп, тұшымды ойларын бір арнаға топтастырған екен. Көзі қарақты оқырманды толғандыратын мақаланы жариялауды жөн деп таптық.

Әзіл-шынын араластырып, «қазақ деген – қу халық. Өзінің айтқысы кел­генінің бәрін маған айтқызып қояды» дейтін марқұм Герольд Бельгер бір сұхбатында Назарбаев туралы айтқан. 

Жазушы, аудармашы марқұм Герольд Бельгердің осыдан бірнеше жыл бұрын "Азаттыққа" берген сұхбаты керемет екен. Өткір, әрі әлі де өзекті сұхбат. "Біздің үлкен кемшілігіміз анау шенеуніктерді өте жоғары көтереміз. Ол әкім екен, бастық екен деп, олардың алдында дірілдеп-қалшылдап жұмсақ сөйлеп, биязы бола қаламыз" дейді Гер-аға. Рас қой иә?!