Үкім шықты: Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды

Dalanews 07 нояб. 2016 10:45 771

Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы сот залынан kaz.tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Сот үкімі Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери сотында оқылды. 

Судья Ербол Ахметжанов үкім шығарды. Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, Төлешов Құрмет ордені мен шенінен айырылды.

Төлешовпен қатар, сот алдына басқа сотталушылар да келді, олар мемлекеттік қызметке қатысы бар адамдар. Олардың ішінде әскери бөлімнің екі басшысы бар, сонымен қатар, ОҚО ІІД басшысының бұрынғы орынбасары бар. Сондай-ақ Тоқтар Төлешовтың ұлы - Төлеген де сот алдына келді.  


Сотталушылар сот ғимаратына осы көліктермен жеткізілді. © Tengrinews.kz



Қыркүйек айында басталған процесс жабық түрде өтті. Тоқтар Төлешовке қатысты іс әскери сотқа 29 тамызда "Құпия" деген таңбамен түскен. Істе мемлекеттік құпиялардың болуына байланысты сот отырысы БАҚ өкілдерінсіз өтті. Журналисттерді тек үкім шығарылатын күні қатыстыруға рұқсат берді.

Қылмыстық істің көлемі 300 томды құраған. Оған қатысты 100-ге жуық куәгер өтіп жатыр және 12 жәбірленуші бар. ҰҚК мәліметінше, Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген айыптар тағылған. Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған.

Сонымен қатар, Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" (Болжам бойынша қылмыстық топ, оның құрамында, АҚШ билігінің пікірінше, негізінен бұрынғы КСРО елдерінен шыққандар бар) сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгені хабарлады. Төлешовтің қол астында 90-нан аса қаруланған және қажетті оқудан өткен жауынгер болған. Арнайы бөлімшені сырттай заңды ету үшін Төлешов ол топқа арнайы "Смерш" күзет фирмасын, кейіннен "Вымпелгрупп" фирмасын тіркеген.

Тергеу барысында, Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бірнеше адамды өлтіргендігі, кісі ұрлау және адамдарды соққыға жыққандығы анықталған. "Азаптаулар мен қинауларды Төлешовтің бұйрығымен фотоға және видеоға түсіріліп отырған. Бұл деректі мәліметтер тінту барысында анықталып, іс материалына жіберілген. Түсірілген адамдар анықталды және олар куәгер әрі жәбірленуші ретінде сотта куәлік беретін болады", - деді ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев.

Сонымен қатар, осы аталғандарға айғақ ретінде, қылмыстық топтың керек-жарағына Төлешовтің қомақты қаражат жұмсап отырғандығы анықталды. Өзінің қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған ол ҚР екінші дәрежелі банктерінің және "Братский круг" басшыларының алдында көп мөлшерде қарызға батқан. Сол жиналған қарыздың мөлшері 200 миллион долларға жеткен. Осы кезде Төлешовтің ойына елдегі билікті күшпен тартып алу жоспары пайда болған", - деп жалғады ҰҚК өкілі өз сөзін.

Тергеу мәліметінше, Төлешов өз жоспарларын сәтті орындағаннан кейін бақылауындағы әкімшілік ресурстар арқылы ірі банк қарызы мәселесін шешіп алғысы келген және осылайша отбасы мен бизнесінің жағдайын сақтап қалғысы келген. "Осылайша, мемлекетің қаржы ресурстарына қол жеткізіп, бақылауға алу Төлешовке билікті басып алуға стимул болған". 

"Билікті басып алу бойынша жоспарын жүзеге асыру үшін Төлешов бастапқыда елдегі жағдайды тұрақсыз еткісі келген. Осы мақсатта ол Қырғызстанда 2005-2010 жылдар аралығында болған оқиғаларды зерттеген, қажетті материалдар мен куәліктерді жинастырған, тіпті Қырғызстанға барған. Билікке тек жаппай тәртіпсіздіктер мен халықтың наразылығын туғызу арқылы ғана келуге болатынын білген ол бұл әрекеттерді Қазақстанның батысында жасау керек деген ойға келеді. Төлешов батыс өңірінде наразы топтар бар деп есептеген, ойынша, бұл топтарды өз мүддесіне пайдалану қолайлы болған, ал наразылыққа себеп ретінде әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді қарастырған. Айдап салу акциялары мен жаппай тәртіпсіздіктермен қатар ол қазіргі билікке ультиматум қойып, өзін вице-президент етіп сайлауды талап еткісі келген, ал кейін ел басқарғысы келген. Ал дайындық барысы өткен жылы басталған. Төлешовтің айналасындағылардың ішінде куәгерлер бар, олар осылай айтып отыр.

ҰҚК өкілі Руслан Қарасев Қазақстанда Төлешовтің "Шымкент Сыра" ЖШС ғана емес және оның сыра зауытының директоры ғана емес, - құрамына шыны зауыты, Оңтүстік Қазақстан аграрлық одағы, "Шымкент Пикчерс" киностудиясы және тағы да бірқатар компания кіретін "Дархан" ірі холдингінің қожайыны әрі жетекшісі екенін айтты. Бұл холдингтің филиалдары мен кәсіпорындары Ресейде, Қырғызстанда және Тәжікстанда бар екен.

Рекомендовать
Последние новости