Экспресс К: "Байтұрсыновтың еден жуушыдан қай жері артық?"

Dalanews 07 нояб. 2016 07:49 797

Орыстілді басылымдарға шолу жасап тұру қажет, анығында. Олар не жазып, не қойып жатыр осы?


Олар қаузаған дүниелер мемлекеттің мүддесіне қайшы емес пе? Олар оқырмандарына не ұсынып отыр, әрібірден соң? 


«Экспресс К» деген басылым бар. Орысша шығады. Оқырмандары да тәуір. Танымал басылым негізі. Байтұрсыновты бадырайтып тұрып беріпті бұл жолы. Жоқ, мақтамаған. Даттаған. Жерден алып жерге салған. 


Неге? Не болып қалды? 


Оқыдық. Түсіндік. 


Мақаланы бірінші беттен бастап берулері тегін емес екен. Шығыс Қазақстандағы бірқатар білім және мәдени ошақтардың атауы өзгеріп, қазақшаланғанына қандары қарайыпты. 


Жазылған дүние қаз-қалпында аударып берейік. Оқыңызшы. Қысқа ғана. 


«Шығыста бірқатар білім және мәдени ошақтардың атауы өзгеретін болып жатыр. Өңірдегі біраз мектептерге Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсынов және басқа да тарихи тұлғалардың аты берілмек екен.  Иә, солай…


Ал бұл уақытта Семей қаласының бюджетінде мектептердегі еден жуушылардың штатын көбейту үшін қаржы жетпей жатыр. Шығыс Қазақстандағы барлық мектептерде еден жуушылар тапшы. Байқаймыз, өңірдегі басшылыққа мектептердің еденін тазалаудан гөрі, олардың атауын ауыстырған маңызды сияқты…».


Мақаланың тақырыбын айтсаңызшы:




«Ал Байтұрсынов еден жуа ма?» («А полы мыть Байтурсынов будет?»).



Ал сұрақ: ілгеріде аты аталған тұлғалар мен еден жуушылардың арасында қандай байланыс бар? Байтұрсынов кімге, не жазды? Бәрін қойшы, мойындай салмай ма? Мұны ұнатпайтындарын. Өңірдегі көшелер, мектептер, мәдени орындардың қазақшалануына қарсы екендіктерін. Рас қой енді. Бұл тиісулері тегін емес қой. Осы мақаланы жазып отырған журналистің ішін ит тырнап жатыр.


Түнімен ұйықтай алмай шыққан болар,  құдай біледі. «Қалайша? Қалай ғана күллі КСРО-ға еңбегі сіңген атақты чекистің аты берілген мектептің атауын өзгертпек. Абай сонша кім еді? Байтұрсынов сонша кім еді? Жоқ, мұны жазу керек. Бұған жол бермеу керек…». Шамамен осылай ой түйген болар деп болжаймыз. 


Ал еден жуушылар бұл арада сылтау ғана… 


P.S. Әлі есімізде, Керекудегі Лебяжы деген ауданның атауын Аққу деп ауыстыратынын естігенде, астымызда тұратын орыс кемпір ауырып жатқан жерінен атып тұрған. Тоқсанған тақаған. Өлгелі жүр. Сасық… Біздің үйге келіпті.




«Естідіңдер ме, Аққуы несі? Ескі атауын қайтару керек?» дейді.



Сол кемпір бұтына жіберіп жүріп, елдің қолын жинады. Әкімнің алдына апарып тапсырды


Думан Бықай


Дереккөз: kaz365info.kz


14925612_1173067292768856_5796517296128278759_n


Рекомендовать
Последние новости