Сирия жөніндегі келіссөз жабық есік жағдайында өтіп жатыр

Dalanews 03 мая 2017 09:14 820





Астанаға Сирия жөніндегі бейбіт келіссөзге қатысушылардың барлық тарабы келген. Оның ішінде сириялық қарулы оппозиция делегациясы басшысы және «Джейш әл-Ислам» ұйымымының жетекшісі де бар деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.













Қазақстан ІІМ ақпараты бойынша, екіжақты келіссөздер 3-4 мамырда жабық есік жағдайында өтеді. 4 мамырда күннің екінші жартысында қорытынды баспасөз мәслихатын өткізу жоспарланған.

Келіссөзге АҚШ делегациясы атынан мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Стюарт Джонс та бірінші рет қатысып отыр.

Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөз биыл Астанада үш рет өтті. Үшеуіне де оппозиция өкілдері келмеген еді.

Бұл жолғы кездесуде БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан Де Мистура да бар. Сирия үкіметі делегациясын БҰҰ-дағы тұрақты өкіл Башар Джаафари бастап келіп отыр.








Рекомендовать
Последние новости