Оңтүстік Қазақстан бизнеске қолайлы аймақ

Dalanews 01 мар. 2017 03:25 1031

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Орынов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыстағы 211 мың шағын және орта бизнес өкілдерінен қазынаға өткен жылы 150 млрд. теңге түсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 9,8 млрд. теңгеге артық.

– Біздің саланың негізгі қызметіне қатысты тапсырманың тағы бірі - ол бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оған оңтайлы жағдайлар жасау және кеңейту. Осы ретте, жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға ұсынылатын құжаттардың саны 7-ден 4-ке дейін қысқартылды.  Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы салықтық өтініштер мен салық есептілігі нысандарының жекелеген түрлерін ұсыну мүмкіндігі. Бюджеттік сыныптаманың 208 кодынан (БСК) 119-ға (57,2%),  қосымша құн салығын қайтару мерзімдері 180 күннен 155 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды, –деді департамент басшысының орынбасары.

Брифингте мәлім болғандай, 2016 жылы  облысымыздың сыртқы тауар айналымы  1 млрд. 763 млн. АҚШ долларды құраған. Ал кедендік төлемдер мен салықтардан бюджетке 53 млрд. 500 млн. теңге көлемінде қаржы түскен. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 19,6 млрд. теңгеге немесе 58% өскен.

Сонымен қатар, өткен жылы Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан халыққа 1,7 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде,  қызметтің 1,4 млн.  немесе 81% электронды түрде, ал электронды үкімет веб-порталы арқылы 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл Елбасы Жолдауында айтылған цифрлық индустрияны, яғни, IT саласын дамыту тапсырмасын аталған департамент бүгінде нәтижелі жүзеге асыруының айғағы.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости