"Адам басынан 500 мың". Атырауда ірі шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды

Dalanews 26 мар. 2021 05:11 891

Атырау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

azh.kz басылымы жазғандай, шенеунік жұмыс берушілерден жұмысқа қабылданған әрбір шетелдіктің "басы" үшін 500 мың теңгеден пара алған деп күдіктелуде.

Басылымның хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері 25 наурызда таңертең жұмыс орнында пара алды деген күдікпен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қамидолланы ұстады.

Серік Қамидолла бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған.

2008 жылдан бастап Жылыой аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде сектор меңгерушісі болды. 2010 жылы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2011 жылы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлерімен және мүгедектерімен жұмыс бөлімінің бастығы. 2012 жылы – Жылой ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болған.

Рекомендовать
Последние новости