CNN арнасының мәліметінше, әскери тапсырмамен ұшып шыққан америкалық ұшақ Иран аумағында зақымданған. Салдарынан F-35 ұшағы апатты жағдайда жерге қонған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл - қақтығыс басталғалы бері Иранның америкалық әскери ұшаққа алғаш рет соққы жасауы.
Өз кезегінде Иранның IRNA агенттігі әуе нысанасының жойылған сәтін көрсететін кадрларды жариялап, оның F-35 жойғыш ұшағы екенін мәлімдеді.
