Freedom Inside '26

Трамптың қоқан-лоққысынан кейін Иран делегациясы келіссөзден кетіп қалды

Трамптың қоқан-лоққысынан кейін Иран делегациясы келіссөзден кетіп қалды
АР

Швейцарияда өткен келіссөз кезінде Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін келіссөз алаңынан кетіп қалды, деп хабарлайды Tasnim News.

Осыған байланысты келіссөз уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін ирандық тарап бірлескен хаттамалық қол алысудан және ортақ фотосессияға қатысудан бас тартқан.

Сондай-ақ делегация басшысы, Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф X әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ-қа мәлімдеме жасағанда абай болу керегін ескерткен.

Галибафтың айтуынша, Иран кез келген қоқан-лоққыға жауап беруге дайын.