АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО саммитіне Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды құрметтегендіктен қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
Басылымның мәліметінше, өткен айда НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі кезінде Трамп саммитке тек оның Түркия астанасында өтіп, оған президент Режеп Тайип Ердоғанның төрағалық етуіне байланысты баратынын айтқан. Ол Ердоғанды өзінің досы ретінде бағалайтынын жеткізген.
CNN-нің аты-жөнін жарияламаған дереккөзіне сүйенсек, Трамп пен оның командасына саммитке қатысудан бас тарту, қандай себеп болса да, Түркия президентіне құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін екені жеке түрде ескертілген.
Сондықтан АҚШ президенті НАТО саммитіне қатысу туралы шешім қабылдаған.