Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандық турист шетелде қалып қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстаннан барған 4 мыңнан астам турист БАӘ, Катар және Сауд Арабиясында қалып қойған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді.
Қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда барлық туристердің жағдайы қалыпты, қауіпсіздікке қатысты мәселе жоқ.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтар үшін жедел байланыс желілерін іске қосқан еді. Сонымен қатар Иран аумағында жүрген қазақстандықтарды төрт ел арқылы эвакуациялау жоспарланып отырғаны хабарланған.
