Аталмыш шараның ұйымдастырушыларының айтуынша, шараның жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары құрап отыр.
– Бұндай шаралар ауылды аймақтарда жақсы өтеді. Оның үстіне жылдан-жылға қатысушы мемлекеттердің де саны, көрермендердің қарасы да артып келеді. Шараның өтуіне қолдау берген ірі кәсіпорындар мен Күрес түрлері Халықаралық ассоцациясының президенті Гинтаус Вилейтаға алғыс білдіргім келеді, – деді Бүкіләлемдік Қазақ күресі федерациясының Вице-президенті Серік Түкиев.