Сауд Арабиясындағы шиеленіс: СІМ азаматтарға ескерту жасады

Сауд Арабиясындағы шиеленіс: СІМ азаматтарға ескерту жасады
gov.kz

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты осы елде жүрген Қазақстан азаматтарына ескерту жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

  • Сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауын орындау;
  • қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау, рейстерді әуекомпаниялардан алдын ала нақтылау;
  • адамдар шоғырланған орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болу;
  • шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру қажет.

Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

  • Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77. 
  • Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80. 

Еске салайық, Эр-Рияд халықаралық әуежайына жасалған зымыран шабуылынан 12 адам қаза тауып, 309 адам зардап шеккен еді.