Ресей аумағындағы металлургиялық кәсіпорында Қазақстанның екі азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының өндірістік алаңында болған.
Компания таратқан ақпаратқа сүйенсек, 14 қаңтарда комбинат аумағынан мердігер ұйымдарда жұмыс істеген екі қызметкер өлі табылған.
"Қазір оқиғаның себептері анықталып, арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқан қызметкерлердің жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", – делінген "Северсталь" хабарламасында.
Вологда облысы бойынша РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
