Ресейдің бірнеше қаласында мұсылмандар діни басқармасының өкілдері ұсталды

Ресейдің бірнеше қаласында мұсылмандар діни басқармасының өкілдері ұсталды
Фото: pixabay.com

Ресейдің бірнеше қаласында мұсылмандар діни басқармаларының өкілдері ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жедел іс-шаралар Мәскеу, Саранск, Санкт-Петербург және Саратов қалаларында жүргізілген.

Ұсталғандардың арасында Мордовия мүфтиі Абдульмалик (Раиль) Асаинов та бар екені хабарланды.

Сонымен қатар Карелияның бұрынғы мүфтиі Висам Али Бардвилдің де ұсталғаны айтылып отыр.

Әзірге бұл ұсталу оқиғаларының нақты немен байланысты екені ресми түрде нақтыланбаған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұсталғандардың барлығы Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары немесе діни басқарма басшылығы тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.